МӘҢГІЛІК ЕЛ (монолог)

/uploads/thumbnail/20170708171005149_small.png
"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

Рухымның исі аңқып ғарыштан, Тәуелсіз аспаныма телмірдім. Күн астында кісінесіп 

табысқан, Әлемді абат мінезді айбыныма 

сендірдім. Сан ғасырлық самайымнан, Азаттықтың әуенін сорғалатып. Еркіндіктің өлеңін төгілтіп 

таңдайымнан, Өткенімді ойладым,мұңға 

баттым. Бурыл түн.ақшулан ай астында, Қалың қолын шулатып мыңдаған. Аш арыстандай атылып жай 

астында, Алтай мен Байкалді билеген 

ғұн бабам. Түбі бір түркінің қамы үшін, Боздақтарымның қу сүйегін 

сөйлетіп, Тасқа қашалған Күлтегіннің 

ары үшін, Хатқа жазылған Тоныкөктың 

зары үшін, Көк туымның астында күңіреніп 

сөйледім. Күркіретіп кеудемде керей мен 

жәнібектің намсын, Бөрі жортқан қыратқа 

бөренеден ту тіктім, Қара орман халқымның қамы 

үшін, Ата жауымды семсерімді сілтеп,

айбыныммен үркіттім..... Керімде керім даламның 

бекітіп босағасы мен бесігін, Қасқа жолын пәш етіп дүниеге 

Қасымның. Айқара ашытым әлемге елімнің 

есігін, Қақпасын сілкілеп тәуелсіз 

ғасырдың. Қақпасын сілкілеп тәуелсіз 

ғасырдың, Елдігімді бекіттім жарғысымен 

Тәукенің, Тізерлеп тұрып тәңірге бас 

ұрдым, "Нұрлы қыла гөр "-деп,

жұртымның ертеңін. Тілегім оң болып, бір аллаға 

сйнып, Аблайдың ақ найзасын қолға 

алдым. Маңдайым жарқырап,тәңірім 

бұйырып, Азат бір күндерді ұзақ бір 

ғасырға жалғадым.... Қан жапқан "жетоқсан" алаңда, Қайрат боп қайтадан сілкіндім. Күркіреп жар садып дұниауи 

ғаламға, Азаттық деп ашщы бір өксікпен 

жұлқындым.... Сонаааан соң..... Мәңгілік,мәңгілік даңғылға 

жол алып, Абат жүзім нұрланып, Көкірегіммен қуанып, Аспанға жүгірдім қолыма 

көкпеңбек ту алып. Қолыма ту алып, Арда адасып қалған үйірімді 

шақырдым, Еділ,Жайық,Алатау,Атырау 

арасын, Іле,Алтай,Тарбағатай,өр 

қыпшақ даласын, Баян өлгей,Ташкент,Ыстамбул 

сағасын, Алты алаштың баласын Алматыға 

алдырдым, Алты құрлықтың басын йдіріп, Алты милиартың есін жйдырып, Ақ ұлпадай әсем алаңға ақ 

дұғасы әлдилеп, Абылайдың мүсінін құйдырып, Азяның  төсіне айбарлы астана 

салдырдым.... Нұр отан тұғырында қырандай 

қалықтап, Төрткіл дүниені елітіп, ЕХРО- ны қолыма қондырдым, Нұр отан,нұрлы жол,нұр аға, Маңдайыммен сүйіп көкпеңбек 

туымды, Аттандым мәңгілік нұрлы 

ғаламға, Күбірлеп тұрып көк тасқа 

жаздым, Мәңгілік ел "мәәәңгілік"- Күн астында күллі қазақ 

аманда! Естемес Шакіржан 1995 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда Қожа Ахмет 

Яссауи атындағы халықаралық 

қазақ - түрік универстетінің 

1 курс студенті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар